Dombra is a sacred instrument reflecting the behaviour, dreams and interests of the Kazakh people
Dombra is a sacred instrument reflecting the behaviour, dreams and interests of the Kazakh people

Dombra is a sacred instrument reflecting the behaviour, dreams and interests of the Kazakh people

Dombra (Kazakh дом­быра) is a widely used plucked instrument in several Central Asian states. The pear-shaped resonating body is made of cedar wood, the ceiling of other coniferous timber. The length is 100 to 130 centimetres. The dombra has two strings that were originally made of intestines; today, nylon is used. There are two variants of the pear-shaped type: the Kazakh dombra with frets on a long thin fretboard.

Until the middle of the 20th century, a three-string dombra was still played in north-eastern Kazakhstan. The trapezoidal or spade-shaped dombra is played in the south, east and central Kazakhstan; it has a short wide neck with seven to nine frets.

Dombra is a sacred instrument…

The instrument is played solo, for vocal accompaniment and in folk dance music. Archaeological research has established that the Saka nomadic tribes used two-stringed musical instruments, which are similar to the Kazakh dombra and can be its prototype, more than 2 thousand years ago. Also at one time, during the excavations of ancient Khwarazm, terracotta figurines of musicians playing plucked instruments were found. Scientists note that the Khwarazm two-strings, which existed at least 2,000 years ago, have a typological resemblance to the Kazakh dombra and were one of the common musical instruments among the early nomads who lived in Kazakhstan. According to the written monuments of the Eurasian continent, it can be concluded that the dombra and its related instruments of other peoples have been well known since ancient times, in particular from the monuments of Saka, Hunnic, Cuman origin. Marco Polo (c. 1254–1324)) in his writings noted that this musical instrument was present among the warriors of the Turkic nomads, who at that time were called Tatars. They sang and played it before the fight, to achieve the appropriate mood.

For Kazakhs, kui is more than an instrumental musical composition; it is a sounding page in the history of their people, its customs and culture. Therefore, the Kazakhs so highly appreciated the performers of the kui – kuishi, among whom the dombrists made up the vast majority (kui are performed not only on the dombra). Dombra in Kazakhstan and is considered a national symbol. The Kazakh people say: “Nagyz kazak – kazak emes, nagyz kazak – dombyra!”, which means “A real Kazakh is not a Kazakh himself, a real Kazakh is a dombra!”. The first Sunday of July is declared in Kazakhstan as the Dombra Day. It was first celebrated on July 1, 2018.

Editorial Board

There are two guts in the fluctuations, the national and Turkic spirit!
Oh, dombra, you are a mighty musical instrument, imagining the roar of thousands of horses, the roar of waves, the gentle sun, clouds, lightning, eagle chirping – one cannot deny the ingenuity and wisdom of the ancestors.

Is it possible for a citizen of Alash and the Turkic people to lower the blue wolf flag when there is such a musical instrument, a two-stringed dombra, which calls for a hike on horseback, ignites honor, raises the spirit to the highest height, demonstrates courage and bravery? No way!

Oh, dombra, human beings want to carry the blood that flows from the veins, full of energy and strength. When the spirit is in a trance, it immediately joins the energy. This is a sign of honor, spirit, the beginning of fruitful thought, obligatory work. You make young people be smart, the enemy heartbroken, old people miss their youth.

Who gave the Kazakhs this stormy melody (kuy)? Who taught you such a wonderful feeling? Day and night, the blue sky, the boundless steppe, the flutter of eagles‘ wings and tulpars‘ hooves, the name of a young Kazakh warrior who gave his life to protect his beloved land, the whole history of the nation to all Kazakhs was taught. Who actually gave it to?! Who!…

Домбыра – қазақ халқының мінез-құлқын, арманы мен мүддесін көрсететін киелі аспап

Қымызханаға жиналған қазақ жігіттерінің бірі: – Жарандар, жан тербетер жайлы әуезді айтыңдаршы білсеңдер, – депті. Отырғандар бірінен соң бірі:
– Алтынның сыңғыры дә.
– Ат тұяғының дүбірі болар.
– Баланың күлкісі шығар.
– Ананың бесік жыры.
– Бұлақтың сылдыры.
– Сүйген қыздың сыбырына не жетсін?
– Жаңбырдың тырсылы.
– Бұлбұлдың тамылжыта сайрағаны.

Қойшы әйтеуір, әркім өзінің ұнатқан дыбыстарын ортаға салысыпты.
– Білмедіңдер, – депті әлгі жігіт. – Одан да мынаны тыңдап көріңдерші, – депті де, қоңыр домбыраны қолына алып, күңіренсін келіп, күңіретсін. Қос ішек емес, қазақтың өзі сөйлеп тұрғандай. Домбыра шанағынан төгілген толқындай тулаған, буырқана бусанған алып күш қара тасты қақ жарып, көбігін көкке атып төңбекшіген теңізді жуасытып, таудың қоңыр аюын билетіп, қарақшыны қара ниетінен қайырып, ғашықтарды ынтықтыра түсердей толқытсын-ай келіп, тебірентсін. Айнала жым-жырт, уақыт бір сәтке тоқтап, ол да мүлгіп маужырап қалған.

Дүниенің бар-жоғын ұмыттырған күй аяқталысымен, күйші:
– Домбыраның күмбірінен бөлек тәтті әуез жоқ қазақты тебірентер. Өйткені сол қоңыр домбыраның қоңыр үнінде жаңағы сендер айтқан дыбыстардың бәрі бар, бәрі де.
Әжем жас кезімде қолыма домбыраны ұстатып тұрып:
– Балам, – дейтін, – домбыраның үніне жетер бұл жалғанда үн бар ма? Оны тыңдап, үйрен. Ол көпті көрген, көп білетін көсем ғой, – дейтін жарықтық. Ол кезде бұл сөздің парқына
жеттік пе? Қайдан?…

Ержете келе әліпті таяқ деп білмейтін, «сауатсыз» әжемнің айтқан пәлсапасында қалтқысыз шындық барына көзіміз жетті ғой. Шынында да домбыра шанағынан ақтарылған үнде күннің күркірі, тұлпар тұяғының дүбірі, асау теңіз гүрілі, ботасын іздеп бозінгеннің боздағаны, ата жаумен алысқан ата-баба семсерінің сыңғыры, боздағынан айырылған кейуананың зары, ғашықтардың шырын сыбыры- бәрі-бәрі естіледі. Оның қоңыр үні арайлап атып келе жатқан таң шапағын, күн нұрын, ай сәулесін, жұлдыздардың құбыла жымыңдаған сыйқырлы күлкісін елестетеді. Көкірегіңе сан түрлі қиял ұялатады. Шаттыққа бөлейді, мұңға батырады.

Елге келген шетелдік қонақ домбыраны қолына алып:
– Домбыраларың неге екі-ақ ішекті? – депті менсініңкіремей. Сонда қазақ:
– Тіршілікте ізгілік пен зұлымдық, қуаныш пен қайғы, адалдық пен арамдық, шындық пен өтірік, мейірім мен қатыгездік, ақыл мен жетесіздік қатар өріліп отыратыны белгілі. Осынау екі қарама-қарсылықтар арасындағы ымыраға келмейтін мәңгілік күресті бейнелеу үшін біздің ата-бабамыз домбыраны әдейі қос ішекті еткен, – депті.
– О-о, түсінікті, – депті әлгі менмен шетелдік.

Бірде бір қазақ екіншісіне:
– Қош, бауырым, құлақ құрышын бір қандыршы, – депті домбыраны ұсынып тұрып.
– Кешіріңіз, маған ондай өнер қонбаған, – депті екіншісі.
– О-о, сабазым, онда өзің барсың ба, жоқ әлде жоқсың ба? Қағынан жеріген құландар болмаса, домбыраның құлағын келтіре алмайтын, сүйгеніне өлең арнай алмайтын қазақ болушы ма еді, тәйірі, – депті домбыра ұстаған кісі ренжіп.
Бірде жақсы араласып жүрген досымның үйіне барғанымда, төрде ілулі шаң басқан домбыраны көріп: «Ішегі тербелмеген домбыра – өмірі толғатпаған келіншек, аяғына жем түскен тұлпар, тірсегінен қиылған арлан, темір тордағы арыстан, туламаған жүрек екен-ау», – дедім іштей мүсәпір күйдегі домбыраны аяп.
Ол олма? Қазақтан олан да сорақысын күтуге болады.

Досханның естелігінен

Осыдан бір жыл бұрын масқара оқиғаға тап болдым. Кенет жол үстіндегі қоқыс салатын жәшікке бір антұрғанның бір бүтін домбыраны тастап кеткенін көзім шалды. Домбыра! Не деген сұмдық! «Қазақтан бәрін күтсем де бұны күтпеген едім», – деп жаным түршікті. Домбыраны қолыма алдым, еш жері сынбаған! Байқағаным қоқыста жатқан қазақтың асыл затын көріп, өтіп жатқан адам қаншама, бірақ оған біреуі де мән берер емес. Құдай-ау, бұл таяқ емес, темір емес, домбыра ғой! Сынып, жарамсыз болып қалғанның өзінде де көзің қиып, киесінен қорықпай, күл-қоқысқа қалай тастайсың, айтшы! Міне, біздің жетістігіміз, жеткен жеріміз! Домбыра ұлттың ар-ожданы емес пе,қазағым!

Kazakh singer Kenen Azerbayev (1884–1976)
with a spade-shaped dombra depicted on a stamp

«Бүгінгі қазақ– бұрынғы қазақ емес, мүлдем өзгерген қазақ» (Г.Бельгер), болмаса бұл дегенің өзіңді-өзің қадірлемеу, өзіңді-өзің көкірегіңнен итеру ғой. Түсінгенге, білгенге домбыра – қазақтың бағына біткен асыл қазынасы. Ол– ұлттың бекзат болмысы, өткен тарихы, жүрек сыздатар сағынышы, көңілдің нәзік қылын шертер сезімі, мұң мен шері, қайғысы мен қасіреті, той-думаны мен қуанышы. Ғасырлар қойнауынан тамыр үзілмей жалғасып келе жатқан оның үнінде халқымыздың басынан кешкен сан қилы нәубет кезеңдердің айқын да анық таңба-белгісі жаңғырған.

Қазақ қаншама зұлматты басынан кешірді. Жаугершілік заман.”Елім-айлаған” қиын-қыстау кезеңдерде қашанда қасынан табылып, батырлық пен ерлікке үндеген домбырасын қару-жарағымен бірге алып жүрген. Тастамаған. Ең асыл мүкамалындай, қасиетті бойтұмарындай аялап сақтаған батыр бабаларымыз. Ақынның мына тамаша өлеңі соның белгісіндей.

Бұл қазақ мұң басса да қас-қабақты,
Қастерлемей ән-күйден басқа бақты.
Тұтқиылдан жау тиген кездерде де,
Домбырасын жұртына тастамаған.
Бала кезде әжем айтқан ескі аңыз әлі есімде.

Сайын даланың сәні болған құралайын көзге атып, қан жоса еткен Жошы ханның өр көкірек те ерке баласы аңнын киелісіне кезігіп, мерт болады. Сүйегі құла дүзде қалады.
Ұзақ уақыт ерке баладан хабар болмаған Жошы жүрегі бір жамандықты сезіп, іздеу салыпты. Хан сапарға шыққалы тұрғандарға қаһарлана:

– Кім де кім қаралы хабар жеткізетін болса, басы дар жібіне ілінеді, – дейді.
Із кезушілер дамыл көрмей күндіз-түні шарқ ұрады. Олардың жаратқаннан бар тілегі – өркөкірек те ерке ұлдың амандығы. Өкінішке орай үшінші күн дегенде олар хан баласының мәйітінің үстінен шығады. Мына сұмдықты хабардар етсе, ханның қаһарына ұшырап, бәрінің де дар ағашының жібіне ілінері хақ. Аман қалудың амалын таппай қатты сасады, қиналады. Шыбын жанды сақтап қалудың қандай амалы бар? Қандай? Не істеу керек?

Дағдарып, салы суға кетіп тұрған сарбаздарына топ басшысы:
– Жарандар, Тамшы­бұлақтағы Күдері ақыннан ақыл-кеңес сұрайық, бір амалын тапса, сол табар. Ат басын Тамшыбұлаққа бұрыңдар, – дейді сабырлылық танытып.

Қаралы топ Күдері ақынға бастарынан кешкен қаралы оқиғаны баяндай келіп, бір амал тауып, хан қаһарынан құтқаруын жалбарына өтініштерін жеткізеді. Бар баянды мұқият тыңдаған абыз ақын сүт пісірімдей уақыт ойланып барып:
– Жарайды, алтын тақ алдындағы қиямет қайымға мен-ақ басымды тігейін, Жаратқан Ием жар болсын, тәуекел, – дейді алдында отырған жаутаң көз пенделерді қуантып.

Хан сарайы. Алтын тақта қаһарлы Жошы. Күдері ақын әмірші алдында төселген кілемге үн-түнсіз жайғасып алып, домбыраны сарната жөнеледі. Хан қос ішектен төгілген азалы үннен жер танабын қуырған тұлпар тұяғының дүбірін, шыбын жандары шырылдай жөңкіген аң легінің дүбірін, құла дүзге өлім сепкен садақ жебесінің зуылын, омақаса құлаған құралайдың жан шығардағы аянышты қырылын естігендей болады.

Домбыраның қоңыр үні бірте-бірте күшейе түсті. Тасқа тиіп от шашқан тұлпар тұяғының дүрсілін, дүркірей жосып бара жатқан киіктер сарынын, атылған жебенің зуылын, ақсаңдай басқан киіктің жан қиналысын көз алдына елестеткендей болады.
Кенет найзағай жарқылдап, аспан күркіреп, жер-жаһанды жаңғырта жай түскендей болады. Домбыраның бір ішегі «дың» етіп үзіліп кетеді. Бір сәтке хан сарайы құлаққа ұрған танадай тына қалады.

Қос ішектен ағылған қасіретті күйді жаны күйзеле тыңдаған хан:
– Қайран балам, мені тастап,ұлы атаңа аттанған екенсің ғой, қайтейін, – дейді аһ ұрып. Сәл үнсіздіктен кейін:
– Күзетшілер! Мына қайғылы хабар жеткізуші пендені алып кетіңдер де, дарға асыңдар,–дейді. Тамшыбұлақтан келген ақынға зәрлене қарап.
– Дат тақсыр! – дейді Күдері асып- саспай.
– Датың болса айт, тезірек! – дейді хан өңменнен өткізе тесіле қарап.
– Сіз қаралы хабар жеткізген адамды жазаламақ болғансыз. Мен сізге ханзада жайлы бір ауыз сөз айттым ба? Айтқаным жоқ. Сонда мені қалайша жазаламақшысыз? Балаңыз жайлы жайсыз хабарды жеткізген мына домбыра емес пе? Хан әділетті болса, жазықтыны жазалауы тиіс, жазықсызды емес, – деді абыз ақын ізетпен сәл басын иіп.

«Ханда қырық кісінің ақылы бар», – дейді дана халық. Ақын айтқан жөн сөзге тоқтап, хан домбыра шанағына балқып тұрған қорғасын құйдырыпты. Қос ішекті киелі аспаптың шанағындағы қара дақ сол Жошы ханның жазасының ізі екен, – дейді әжем.
Міне, осылайша, қасиетіңнен айналайын қоңыр үнді, қоңыр домбыра қазақтың біртуар ақылман ақынын ауыр жазадан құтқарып қалған екен.

Қазақтың қуанышы мен қайғысына ортақ болған, қайран ғана менің қос ішекті домбырам-ай. Бір ішегіңде халқыңнын мұңы мен зары, қайғысы мен қасіреті, екінші ішегінде риясыз күлкісі мен қуанышы қоса өрілген қазақ жырының басы, қайнар бастауы. Тұңғыш күлкісі мен алғашқы көз жасы. Домбыра, міне, осы! Оның құлақ күйін келтіре алмаған, төрінен қастерлеп орын бермеген қазақ әуелі ол қазақ па? Шынында да ол қазақ па өзі? Қайдам? Кім екенін өзі де білмес, өзі де білмейді…
Қазақтың қос шекті домбырасы, халқыңды дүниеге танытумен келесің, біз сені таныта алмай келеміз…

Соно-о-у өткен ғасырдың 1979 жылы

Вальс королі атанған – Иоганн Штраустың отаны Австрия астанасы Венада дүние жүзінің ең үздік орындаушыларының музыка фестивалі өтіп жатты.

Фестиваль концерті Венаның алпыс мың адам сиятын ратушасы – ашық алаңында өтетін өнер сайысының даңқы, оның сұсы, Венаның талғамы күшті, тәкәббар халқының сұсты анау-мынау емес, өмірі сахнада өткен, тісі сарғайған өнер иесінің өзінің зәре-құтын алатын.

Талап қатал. Өнердің жілігін шағып майын ішкен, музыканың заңғар биігіне ұя салған мемлекеттердің өзіне де не бары жеті, сегіз минут, тіпті одан да аз уақыт беріледі. Талантты болсаң осы аз уақыт ішінде өнеріңді көрсет. Жұртты тәнті ет. Әйтпесе…

Жаратқанның құдіреті ме, жоқ әлде, басқаға кіріптар, жаутаң көз, саны аз қазақ сияқты халыққа аяушылық жасады ма, әйтеуір, фестивальды ұйымдастырушылар Қазақ­станның өнер иелеріне он бес минут уақыт бөлді. Керемет қой, бұл! Мұндай қамқорлыққа аузы алты қарыс алпауыт мемлекеттерінің қолы жете бермейтін уақыт. Құдайдың игені деген осы.

Әуелі қазақтың ару қызы Бибігүл Төлегенова, одан кейін бишілер тобы… Одан кейін қазақтың қоңыр үнді қоңыр домбырасын жүрегіне босып, Қайрат Байбосынов шықты сахнаға. Ол микрофонға жете бергенде, бірінші қатарда иін тіресе тік тұрған жұрттың екі қапталынан: «Иә, әруақ!» деген сөз саңқ ете қалды. Бұл жас әншіге тілеулес, қазақтың қасіретіне қайғырып, қуанышына шаттанатын шет елдерде жүрген қандастарымыз болса керек. Қайрат та іштей: «Иә, әруақ!» деп домбырасын бебеулетіп барып «тылсым тыныштықта ұйыған даланың, балбыраған ай нұрының, арман толы жазғы түннің поэзиясы» болған Жарылқапбердінің «Ардағын» бастап жіберді. Махаббаттың бұл бір асқақ жыры бірден әуелеп, қалықтай бергенде кенет микрофон істемей қалды.

Дайын тұрған инженер-техниктер сахнаға жүгіріп шығып, микрофонның сымдарын көріп, әрі-бері тартып қозғап, ақыры электр қуатының сөніп қалғаны белгілі болды. Алайда, қоңыр домбыраның мақпал үніне сүйене шырқалған ән тоқтамады. Жалғаса берді. Қайраттың аса биік, кең зор үні «Ардақты» Вена аспанында қалқытып тұрып алды. Ән айтылып біткенде, ратушадағы алпыс мыңдай қалың нөпір қолдарын көкке созып шапалақтағанда күн күркіреп, жай түскендей болды. Заманында Иоганн Штраустың өзіне де халық мұндай қошемет көрсетпеген шығар-ау, әсте… Көрмеген. Қайдан көрсін?

Сол жылы қазақтың қос шекті домбырасы мен Жарылқапбердінің «Ардағы» «бүкіл даласы ән салып тұрған» біздің халықты айдай әлемге танытып, әншілік келбетін көрсеткен еді.

Күнделік дәптерден

Dombra

Бірде түркиялық дос Кенан Коч екеуміз Құрманғазы оркестрінің концертін тамашалауға бардық. Сансыз қос ішектен ағылған жанға жайлы қоңыр әуен бірде баяу мұңға батырып, көзіңе жас алғызса, бірде жігеріңді жанып, қиялыңа қанат бітіреді. Бойыңды алапат сезімге бөлеп, жан әлеміңді баурап барады. Айрық ақ сақалды Алатаудай биік, ұшы-қиырсыз Сарыарқадай жазық, жер жанаты Жетісудай әсем, шағалалы Каспидің толқынындай асау, арынды Есілдің сылдырындай сұлу саз бөтен, тіпті бөгде таңғажайып бір әлемге, қайғы-мұңы жоқ жұмбақ әлемге жетелей жөнеледі. Қоңыр шанақтан саулаған әсем үн жұлдызды көктің шетсіз-шексіз кеңістігін кернеп қызылды-жасылды сан бояумен құбылады. Көктемгі жауыннан кейінгі түзілген түрлі түсті кемпірқосақтай жұмбақ әлем. Керме иық даланың жусан исі аңқыған күйлері шартарапқа шарлап,дүниенің төрт бұрышын кернеп барады.Сиқырлы саз.Тәңір тілімен үн қатқандай тамылжиды.Бір кезде әуен әуелеп, күй күмбірлеп, көкте қанатын қақпай тұрып алды да кенет кілт үзілгендей еді, қайта шырқау биікке самғап,тұла бойды шымырлата балқытып, алпыс екі тамырды қуалай ләззаттың тал бесігіне бөлегендей құбылды.

Сайын дала төсінде мың сан тұлпар тұяғының дүбірі ме-ау, шарқ ұрып ботасын іздеген аруананың боздап, жасыл желегін жайған ару аршаның бұтағына қонып алып, сандуғаш сайрады ма-ау, әйтеуір дүн-дүниені тәтті күмбір баурап алды.

Киянға қанат бітіріп, жер-көкке сыйғызбай, дамыл таптырмайды. Кеңістікті нұрға бөлеген домбырадан төгілген іңкәр саз пендені мың сан күйге жетелейді. Тебірентеді. Сүйсіндіреді. Сағындырады. Аңсатады. Өкіндіреді. Жылатады. Көзіңнен сораңды ағызады. Көкірегіңе нұр құйып қуантады. Өмірдің қысқа да өткінші екенін, өнердің мәңгі де құдіретті екенін ұқтырғандай болады.

Домбыраның сағағынан күмбірлеп сорғалаған қоңыр күй қаншама тыңдасаң да жалықтырмайтын өміршең ырғақ бұл! Сезіміңді тереңдетіп, мейіріміңді масайтып, қиялыңа қанат қақтыратын, жаныңды шабыттандыратын күй бұл. Бұл балдай тәтті әсем үнде өмірге деген құштарлық бар, күйректік жоқ; қайрат бар, торығу жоқ; үміт бар, енжарлық жоқ; жақсылыққа деген іңкәрлік бар. Жалқыдан жалпыға айналған шындық жанды шежіре боп төгіледі. Ет жүректі елжіретер әсел әуез асып-төгіліп жатады.

Мамыр айының балындай тәтті концерті аяқталды. Туркиялық досқа көз салсам, ол ағыл-тегіл.
– Ой, Кенан, мұның қалай? Көз жасыңды көлдеткенің қалай сенің? Мұны білгенімде… Концерті бар болсын… Оқа емес көптен бері жуылмаған қап-қара тостағандарыңды шайып алдың. Бұл да бір есіңде жүрген ісің болса керек, – дедім әзілдеп.

– Неткен ғажап, ғажап қой бұл, Бегман аға! Мың сан тұлпар тұяғының дүбірін, жағалауын ұрғылап, астан-кестеңі шыққан долы теңіз толқынының гүрілін, кейде жайма-шуақ мамыражай күнді, кейде жөңкіле көшкен қаз бауыр бұлтты, найзағайдың жарқылын, тау қыранының шаңқылын көз алдына елестететіндей құдіретті музыка аспабын, домбыраны, ойлап тапқан ата-бабамыздың тапқырлығы мен даналығына бас имеске шамам жоқ. Ат төбеліндей аз қазақтың ұшы-қиыры жоқ осыншама жерді қалайша иелік еткен деп ойлаушы едім. Сол сауалға бүгін жауап алғандай болдым. Аттан деп жорыққа шақырып тұратын, намысты жанып, рухты заңғар биікке көтеретін, ерлік пен батырлықты паш ететін мынандай музыка аспабы тұрғанда, қос ішекті домбыра тұрғанда алаш азаматы, түркі жұрты көк бөрілі байрағын төмендетуі мүмкін бе? Мүмкін емес қой, Бегман аға!

Мына қос шектен ағылған лағыл лебіз күллі жан дүниемді астан-кестен етіп, мендегі бар қасиетті сүзгіден өткізіп тазасын қалдырып, қоқыс қажетсізін лақтырып тастағандай әсер етті. Бойым жеңілдеп, ойым жаңарғандай болды. Ғажап дүние… ғажап! – деді түркиялық Кенан дос қоңыр домбыраның ғажап үніне таңданысын жасыра алмай.

Домбыра шанағынан төгілген буырқанған күйлерден түркиялық Кенан Коч сонау ықылым заманғы бұрқ-сарқ қайнап жатқан түріктік рухты жан жүрегімен сезінсе керек. Қан тартады деген осы да! Болмаса ағылшынның не немістің домбыраның қоңыр үніне сүйсінуі мүмкін, алайда Кенандай ағыл-тегіл болуы екі талай.

Қос ішектің тербелісінде ұлттық, түріктік рух аңқып тұр ғой, аңқып тұр!
Шіркін, домбыра, сен толғанған кезде, тамыр-тамырды қуалай аққан қанның тасып, тұла бойыңды ерен қуат пен қайрат кернеп, аруақтанып, арқаланып шыға келетінім бар. Рухты күй шалқыған кезде тегеурінге тегеурін, жігерге жігер қосылып бара жатады. Ол – намыстың, рухтың төлқұжаты, жемісті ойдың, тындырымды істің бастауы. Жастарды ақылды, жау жүрек етіп, қарттарды жайраңдаған жастығын сағындырады.

Бұл күмбірлеген күйлерді кім сыйлаған қазаққа? Осыншама ғажайып сезімге үйреткен кім? Күндіз күні, түнде айы қалықтаған көк аспан, шетсіз де шексіз сайын дала, қырандардың суылдаған қанаты мен тұлпарлардың дүрсілдеткен тұяғы, сүйем жерін қорғап жан беріп, жан алысқан жас қазақ сарбазының атойы, Қазақ Елінің бүкіл тарихы үйреткен оларды, құйқылжыған күйлерді.
Домбыра – қазақ халқының мінез-құлқын, арманы мен мүддесін көрсететін киелі аспап.

Кейбір отбасының табалдырығын аттасаң көз жауын алар шетелдік қымбат жиһаздардан, төсеген қалың кілемдерден көз сүрінеді. Сыңғырлап тұр. Мін таппайсын. Еуропа. Сүйсінерлік. Байлық пен мансаптың көрсеткішіндей. Шаңырақ иелері осы тұрмысына мәз. Төрт құбыласы түгел. Алайда мұнда қазақтықтың иісінің бірі де жоқ. Ұмытып барады екем. Қазақылық бар. Ол төрде ілініп тұрған жалпақ бет үй иелерінің суреттері.

Ал егер төрде қоңыр домбыра ілулі үйге бас сұқсаң болғаны: кепкен қазы мен қартаның иісі, киікоты аңқыған қымыздың иісі. Ашытқан көженің қышқылтым иісі, қуырылған құйрықтың иісі мұрныңды жарып тұрады. Иә, мұнда қазақтар тұратыны беп-белгілі.
Қайран домбыра! Қазақтың күллі қасиетінің қазынасы, сақтаушы киесі. Бізді ұлы көшпенділердің ұрпағы екенімізді, қазақ екенімізді, қазақылықтан көз жазып қалмауымызды, өзімізге тән, ешкімге ұқсамайтын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүріміз бен болмысымыздан айырылып қалмауымызды үнемі ескертіп келе жатқан жоқ па?! Қайраң менің ”нағыз қазағым”, мына қиын қыстау заманда, жаһандану заманында қазағыңды адастырмай өз отбасына, өзінің қасиетті шаңырағына, ұлттық келбетіне қайта келтіргейсің. Сенен өтініш!

Қазақ өзгерер, бірақ домбыра шанағынан төгілген ән-күй өзгермейді, қуаныш-қайғыда қазақтың жанына жалау болған «нағыз қазақ» өзгермейді. Оның мақпал үні күллі түрік баласын бір шаңырақтың астына шақырады, ынтымаққа үндейді.
ДОМБЫРА – қазақ үшін киелі ұғым. Оның екі ішегі сан ғасырлар бойы қазақтың жоғын жоқтап, мұңын мұңлаумен келеді.

Begman Iskak
(Бегман Ыcқақ)
Doctor of Pedagogical Sciences, Professor
Department of Pedagogy and Educational Technologies
Central Asian Innovation University
Republic of Kazakhstan, Almaty, 050000; Baitursynov str., 80

Ileskan Smanuly Smanov
(Илесхан Сманулы Сманов)
Doctor of Pedagogical Sciences, Professor
Department of Psychology Faculty of History and Pedagogy
South Kazakhstan State Pedagogical University
Republic of Kazakhstan, Shymkent, 160012; A. Baitursynov str., 13
leshan49@mail.ru

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *